14 нау, 2020 сағат 09:54

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны 6 адамға жетті

Қазақстанда тағы екі адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтемемен.

Біреуі – 1958 жылы туған ер адам. Жеке кәсіпкер. Ол Алматыға Мәскеуден 10 наурызда ұшып келген. Қазіргі таңда карантинде жатыр. 

Сонымен қатар, елордада тағы бір науқас тіркелді. Әйел адам. Ол Варшава-Нұр-Сұлтан ұшағымен ұшып келген. 

Қазіргі уақытта коронавирус жұқтырған қазақстандықтар саны 6-ға жетті. Оның 4-еуі алматыда, 2-еуі Нұр-Сұлтан қаласында.