Елордада тағы екі адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
"22 наурыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған тағы екі адам тіркелді", - делінген хабарламада.
21 наурыз 22.30-да елордада 1985 жылғы әйелдің коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді. Ол бұған дейін вирус табылған пациентпен жақын байланыста болған.
Қазіргі таңда Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 56 адамға жетті.
Нұр-Сұлтанда – 31, Алматыда – 22, Қарағандыда - 2, Алматы облысында бір адам тіркелді.