18 нау, 2020 сағат 05:50

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 35 болды

Қазақстанда тағы 2 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 індетінің тағы екі фактісі Алматы қаласында расталған.

Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавируспен ауыратындар саны 35-ке жетті. Оның ішінде 17 жағдай - Алматыда, 18 факті - Нұр-Сұлтанда тіркеліп отыр.