Коронавирус жұқтырғандар саны 9 адам болды. Бұл туралы бүгін ҚР Денаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 9-ға жетті. Вирус Алматы қаласына Германиядан ұшып келген 2008 жылы туған қыз баладан табылды. Қазір Алматыда вирус жұқтырғандар саны - 7, ал – елордада – 2. Барлығы 9 адам», - деді Диас Ахметшәріп.
Еске сала кетсек бүгін сағат 13.00-де «Хабар 24» арнасында онлайн режімде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 8-ге жеткенін хабарлаған еді.
Айта кетейік, қазір Қазақстанда эпидемияға қарсы барлық қажетті шара қолданылып жатыр, соның ішінде оқшаулау, емдеу және дезинфекциялық іс-шара бар. Карантинге жатқызу үшін төсек орындары әзірленген, медициналық препараттар мен дезинфекциялық құралдар қоры жеткілікті, медициналық персонал толық дайын, сұрақ туындаған жағдайда 1406 нөміріне call орталыққа хабарласу керек.