25 сәу, 2019 сағат 12:15

Қазақстан президенттігіне үміткер Таспихов комиссияға құжаттарын өткізді

Қазақстан кәсіподақтар федерациясы президенттікке үміткер ретінде ұсынған Амангелді Таспихов бүгін, 25 сәуірде орталық сайлау комиссиясына құжаттарын өткізді. Бұл туралы комиссияның ресми сайтында хабарланды.

Оның ішінде кәсіподақтар бірлестігі жоғары органының ҚР Президенттігіне кандидат ұсыну жөніндегі отырысының хаттамасынан үзінді, Амангелді Таспиховтың кандидат болып сайлауға қатысуға келiсiмі, өмірбаяны, ҚР ООСК шотына сайлау жарнасын аударғанын куәландыратын құжат, жеке куәлігінің көшірмесі, ЖОО дипломдарының көшірмелері, мемлекеттік қызметтегі өтілін растайтын құжаттар бар.

Үміткерге мемлекеттік тілден емтиханды ертең, 26 сәуірде тапсырады.

Әзірге тіл емтиханын Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен "Ұлы дала қырандары" республикалық қозғалысы ұсынған Сәдібек Түгел ғана тапсырды. 23 сәуірде "Нұр Отан" атынан сайлауға түсіп жатқан Тоқаевтың "мемлекеттік тіл емтиханын сәтті тапсырғаны" хабарланды. Журналист Түгел мәтінінде "кішігірім пунктуациялық қателер жібергенімен", комиссия "мемлекеттік тілді еркін меңгерген" деп шешкен.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Кандидаттарды ұсыну - 28 сәуірде, тіркеу 11 мамырда аяқталады.