31 қаң, 2019 сағат 13:02

Қазақстан мен Жапония арасында тұрақты әуе рейсі ашылуы мүмкін

Қазақстан мен Жапония арасындағы тұрақты әуе қатынасын ұйымдастыру үшін қажетті құқықтық негіздемелерді ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті 2016 жылы бастаған. Бұл туралы ведомстоның Фейсбуктегі ресми парақшасында хабарланды.

Қазіргі уақытта әуе компаниялармен бірігіп, биыл Жапонияға тікелей рейсті ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл Қазақстан мен Жапонияның әуе компанияларына әр тараптан еш шектеусіз аптасына 14 рет тұрақты рейстерді орындауға құқық береді.

Қазақстандық әуе тасымалдаушыларға арналған бағыттар - Токио, Осака, Нагоя қалалары және жапондық әуе компаниялары үшін - Астана, Алматы және Қарағанды қалалары белгіленген.

Айта кету керек, бұрын елдер арасында Қазақстаннан Токиоға ұшатын ешқандай құқықтық негіз болған жоқ.