Қазақстан қалалары арасындағы блокпосттар алынады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Ведомствоаралық комиссияның 1 маусымнан қалалар арасында блокпосттарды алып тастау шешіміне сәйкес, 5 маусымнан тасымалдау шараларын жандандыру бойынша жұмыстар іске асырылады», - деді Ж. Тайжанов.
Оның сөзіне қарағанда, автобуспен жолаушыларды тасымалдау кезінде тасымалдаушылардың тиісті жұмыс алгоритмі бас санитарлық дәрігер қаулысы талаптарын ескере отырып әзірленді. Осы орайда бағдардың соңғы пунктерінде автобустарды дезинфекциялау, көлік салонына тек медициналық маскада отырғызу, сондай-ақ басқа да қауіпсіздік талаптары ескерілген.