09 сәу, 2020 сағат 22:30

Қазақстан астанасына Қытайдан 10 дәрігер келді

Нұр-Cұлтан қаласына Қытайдан коронавирус инфекциясымен ауыратын науқастарды емдеуде мол тәжірибесі бар дәрігерлер келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның жедел штабының мәліметтеріне сілтеме жасап. 

Жедел штабтың мәліметтерінше, дәрігерлердің арасында пульмонологтар, реаниматологтар, қоғамдық денсаулық сақтау сарапшылары бар.

Медицина саласының мамандары Қазақстанға COVID-19 вирусымен күресте жәрдемдеседі. 

Сонымен қатар, ҚХР шамамен 5,5 тонна гуманитарлық көмек жеткізді. Олардың ішінде жеке қорғану құралдары, дәрілік препараттар бар. Естеріңізде болса, Қазақстан да індет басталып жатқан кезде Қытайға маскалар түрінде гуманитарлық көмек көрсеткен еді. 

Дәрігерлер 15 күн жұмыс істейтін болады, оның толық бағдарламасы да жасалды. Бағдарлама барысында коронавирусы бар пациенттерді емдеу, диагноз қою мәселелерін талқылау, сондай-ақ жалпы қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерін қарау көзделген. 

Бағдарлама аясында Нұр-Сұлтан қаласымен қатар, Алматы және Қарағанды қалаларына бару жоспарланып отыр.

Бағдарлама аясында қытайлық дәрігерлер Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Алматы қалаларына барады.