© Sputnik / Болат Шайхинов
Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қазақтелеком" АҚ-ның лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген Антикор хабарламасында.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сатыбалдыұлының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатқанын атап өтті.
"Тергеу жүріп жатыр. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды", - деді ведомство өкілдері.
Айта кетейік, Қайрат Сатыбалдыұлы – Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі.