20 нау, 2020 сағат 07:00

Қарағандыда 2 адам коронавирус жұқтырған: Індетке шалдыққандар саны 49 болды

Қазақстанда тағы 5 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде тағы 5 адамнан коронавирус табылған. Осылайша, Қазақстанда қауіпті індетті жұқтырғандар саны 49 болды. 

Оның ішінде Алматыда - 22, Нұр-Сұлтанда - 25 және Қарағандыда - 2 жағдай тіркелген.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен 16 наурызда елімізде төтенше жағдай жарияланды.

19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында коронавирусқа байланысты отыз күндік карантин енгізілді.

Қалалардың айналасында көлік қозғалысын шектейтін бақылау-өткізу пункттері қойылды. Ол жерлерде полицейлер, Ұлттық ұлан қызметкерлері, әскерилер мен дәрігерлер қызмет етіп жатыр. 

22 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыға кіруге тыйым салынады. Тамақ жеткізетін жүк көліктеріне ғана кіруге рұқсат етіледі.