27 қаң, 2025 сағат 13:02

Қаңтар оқиғасы бойынша Қайрат Құдайберген мен "Дикий Арманға" үкім шықты

Фото: KTK.kz

Қайрат Құдайбергенге 8 жыл түрме жазасы кесілді. Сондай-ақ оған қоғамдық қызметпен айналысуға тыйым салынды және ол "Құрмет" орденінен айырылды.

Руслан Ысқаковқа 15,5 жыл жазасы кесілді. Сондай ақ мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға тыйым салынып, наградалардан айырылады. Ол қаңтар оқиғалары кезінде Дикий Арманның үйлестірушісі деп аталған еді.

"Дикий Арман" лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиевке 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Оған қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға тыйым салынды. Дикий Арманға тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және оған қатысу, атыс қаруын ұрлау, оны заңсыз сатып алу немесе сақтау және адамдарды бас бостандығынан айыру  айыбы тағылған.

"Қалаулым" бағдарламасы арқылы танылған Бердах Бекетов 7 жылға сотталды. Ол қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысқаны үшін айыпты деп танылды. Сот оны бірнеше бап бойынша соттады. Бердах Бекетов - қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды деп айыпталған. Полиция оны 2022 жылдың 22 қаңтарында көшеде ұстаған еді.