08 қаң, 2020 сағат 09:03

Иранда 167 жолаушысы бар Украина ұшағы құлады

Украиналық әуе компаниясына тиесілі Boeing 737 ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін апатқа ұшырады, – деп хабарлайды IRNA.

Украина халықаралық әуе желілерінің ұшағы Тегераннан Киевке ұшып бара жатқан.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Мойтаб Халедидің айтуынша, бортта 180 жолаушы болған.

"Flightradar" ұшақтардың қозғалысын бақылайтын қызметтің ақпаратынша, украиналық PS752 рейсі Тегераннан Мәскеу уақытымен 5.42-де ұшып шыққан. Арада екі минут өткен соң, 5.44-те радардан жоғалып кеткен.

Соңғы деректер бойынша, апаттан аман қалғандар жоқ.

Бұдан бұрын, Азаматтық авиация ұйымының өкілі Ирана Реза Джафарзаде ұшақ өртке оранып, адамдардың аман қалуы мүмкін еместігін мәлімдеген. Ол қазіргі уақытта құтқарушылар тілсіз жауды ауыздықтап жатқанын жеткізді.