16 ақп, 2022 сағат 18:34

Ертең Ұлттық арнадан Тоқаевтың жаңа сұхбаты көрсетіледі


17 ақпанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты шығады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Instagram-да мәлімдеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Ертең, 17 ақпан күні сағат 20:30-да «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты көрсетіледі.

Президент сұхбат барысында қасіретті қаңтар оқиғасының себеп-салдары мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы стратегиялық серіктестерімен қарым-қатынастарына, қабылдаған шешімдеріне қатысты сауалдарға жауап береді", - деп жазды Берік Уәли.