25 жел, 2019 сағат 12:25

Елордада "100 жаңа есім" жобасының жеңімпаздары анықталды

Ел астанасында "100 жаңа есім"  жобасы үшінші кезеңінің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлады Strategy2050.kz.

Үш кезеңнің қорытындысы бойынша, биыл 32 жеңімпаз анықталып отыр. Оның ішінде 25 қатысушы онлайн дауыс беруден ең жоғары дауыс жинаған, ал әділ-қазы алқасы тарапынан 7 қатысушы ұсынылған.

Жоба жеңімпаздарының бірі 28 жастағы Шәкәрім Сейсенбай бүгінгі күні мектеп-лицейде басшылық қызметте. Өзінің айтуынша, басты мақсаты - отандық білім саласын бредке айналдыру.

"Мен 54 мектеп-лицейінің директорымын. Өзім де мұғалімнің ұлымын. Кезінде мектепте жоғары сынып оқушылары төменгі сынып оқушыларына сабақ беретінбіз. Білім саласында он жылдан бері қызмет етіп келемін. Осыған республикалық физика-математика мектебінде, Назарбаев зияткерлік мектептерінде жұмыс істдім. Тәрбиеші, мұғалім, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болдым. Мақсатым - отандық білім саласын брендке айналдырып, жақсы бір деңгейге көтерілу. Қазір бізге мықты ұстаздар қажет. Белгілі ақан Мағжан Жұмабаев "Алты алаштың басы қосылса,  төрдегі орын ұстаздыкі" деп бекер айтпаған. Сол себепті ұстаздық қызметтің мәртебесін арттыру басты мақсаттарымның бірі", - деді жас ұстаз.

image-25-12-19-01-17.jpeg

Сондай-ақ ол өз сөзінде қоғамдағы өзекті мәселенің бірін атап өтті. Оның айтуынша, білім саласындағы ер адамдардың санын арттыру керек.

"Директор болу қиын. Алайда адам баласы өзіне ұнайтын істі таңдаса, қай жерде жұмыс істесе де жеңіл болады деп ойлаймын. Білім саласы маған ұнайды, мен оны жұмыс ретінде көрмеймін, ол менің өмірімнің бір бөлшегі.  Қазіргі таңда білім саласында ер адамдардың саны аздау. Өзімнің де ішкі бір арман-мақсатым - мектеп қабырғасындағы ер адамдардың санын көбейтсек. Ол үшін біз қоғамда мұны көп дәріптеуіміз керек. Маңыздылығын түсіндіруіміз қажет. Адами капиталдың дамуы керектігін, соған инвестиция құю қажеттігін жете түсіндіру жұмыстарын жүргізу керекпіз. Сол себепті мен ойлаймын білім саласы барынша дәріптелуі тіс. Білім саласы ең жоғары дәрежеде болуы керек", - деді Шәкәрім Сейсенбай.

Жалпы, салалар бойынша тоқталатын болсақ, аталған жоба жеңімпаздарының қатарында қоғамдық саладан  -  11, ғылым және білім саласынан  -  4, медицинадан  -  2, кәсіпкерлік саладан  -  5, спорттан  - 5 және мәдениет саласынан 5 маман үздік атанды.

"100 жаңа есім"  жобасы үшінші кезеңінің 1-кезеңінде өтінімдерді қабылдайды. Жобаға қатысу үшін барлық азаматтар өтініш бере алады. Биыл аталған жобаға қатысуға 1673 азамат өтініш берген.

Ал екінші кезеңде онлайн дауыс беріледі. Қарашаның 5 пен 25 аралығында 100janaesim.ruh.kz  жобаның ресми сайтында жалпыхалықтың онлайн дауыс беру кезеңі өтті. Жалпы, барлық жоба қатысушылары үшін 700 мыңнан аса дауыс берілді. 

Сондай-ақ соңғы кезеңде әділ-қазылар алқасының отырысы болды. Қазылар алқасының құрамына әр салада белгілі бір жетістіктерге жеткен белгілі азаматтар енді.