Мөлдір Мұқан қуанышты жаңалығынын айтты

Мөлдір Мұқан қуанышты жаңалығынын айтты
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Мөлдір Мұқан перзент күтіп жүрген бір отбасының ЭКО рәсімінен өтуіне көмектеспек, деп хабарлайды ult.kz.

Оның бастамасы көптен бері бала сүюді армандаған ерлі-зайыптыға қолдау көрсетуге бағытталған. Мөлдір осылайша бір шаңырақтың сәби қуанышына кенелуіне үлес қосуды көздеп отыр.

Оның өзі әлеуметтік желідегі парақшасында "6-бала. Жасыра алмадым" деп жазды. 

Көмек алатын отбасының қалай таңдалатыны мен рәсімнің қай клиникада өтетіні әзірге нақтыланған жоқ.

Айта кетейік, Мөлдір Мұқан маңызды мәлімдеме жасады.

Мөлдір Мұқан кім?

Мөлдір Мұқан – қазақстандық әнші, продюсер әрі блогер. Көпшілік оны Мөлдір Мұқанова есімімен де таниды. Ол әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы ретінде жұртшылыққа белгілі. Бес баланың анасы. Әлеуметтік желідегі парақшасында күнделікті өмірі, бала тәрбиесі мен шығармашылық жұмыстары туралы бөлісіп отырады. 

Мөлдірдің айтуынша, ән айту — оның бала күнгі арманы. Кейінгі жылдары ол осы арманына қайта оралып, жеке шығармашылығына көңіл бөле бастады. Тыңдармандарына ұсынған туындыларының арасында «Өтірік» атты әні бар. Өнердегі жұмысын әншілікпен ғана шектемей, кино саласына да араласып жүр. Оның есімі «Шәй в большом городе» фильмінің шығармашылық құрамында көрсетілген. 

Ол сұхбаттарында отбасылық өмірі, ана болудың жауапкершілігі және басынан өткен қиындықтар туралы ашық әңгімелейді. Журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында некесінің бұзылуы мен одан кейінгі өміріндегі өзгерістерге тоқталған.