Мөлдір Мұқан әлеуметтік желідегі жазбасында көпшіліктен көріп жүрген қолдауы туралы айтып, өзіне жылы сөз арнаған оқырмандарына алғыс білдірді, деп хабарлайды ult.kz.
Оның айтуынша, қайда барса да адамдар ықыласын танытып, көңілін көтеріп жатады. Үлкендер маңдайынан сүйіп, арқасынан қақса, қатарластары шайға шақырып, сыйлық беріп, құшағына басады. Ал жастар бірге суретке түсіп, құрмет көрсетеді.
“Сәби Мөлдір, ерке Мөлдірді оятқан әрбір оқырманыма алғыс айтамын. Рас, сіздер еркелеткенде өзімді бөпе, сәби сезінемін”, – деп жазды ол.
Мөлдір Мұқан Instagram-дағы оқырмандарының ақ тілегі мен батасы өзіне ерекше күш беріп жүргенін жеткізді.
“Маған беріп отырған баталарыңыз қабыл болсын. Жақсы тілектеріңіз мені керемет қанаттандырып жүр”, – деді жазба авторы.
Айта кетейік, Мөлдір Мұқан су жаңа пәтер алды.
Мөлдір Мұқан кім?
Мөлдір Мұқан – қазақстандық продюсер, әнші әрі блогер. Көпшілікке Мөлдір Мұқанова есімімен де таныс. Шығармашылықпен айналысып, әлеуметтік желіде отбасы, ана болу және өмірлік тәжірибесі туралы ой бөліседі. Сұхбаттарында әншілікке ұзақ үзілістен кейін қайта оралғанын айтқан.
Ол әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы ретінде де көпшілікке белгілі. Журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында некесінің бұзылуы мен өміріндегі өзгерістер туралы ашық әңгімелеген. Кино саласында да жұмыс істейді: оның есімі “Шәй в большом городе” фильмінің шығармашылық құрамында көрсетілген.