Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясының кезектен тыс XV құрылтайы Дания Еспаеваны ресми түрде президенттікке үміткер ретінде бекітті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Құрылтай делегаттары құпия дауыс беру арқылы өз таңдауын жасады. Бұған дейін «Ақ жол» партиясының атынан 6 адам президент сайлауына қатысуға ниетті болған. 13 сәуірде «Ақ жол» партиясы Орталық кеңесінің пленумы президент сайлауына үміткерлерді анықтай алмады.
Осы уақытқа дейін төрт адам - Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Қуат Рахымбердин, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Асан Қошмамбетов, Атырау облыстық филиалының өкілі Серік Ерубаев және СКО филиалының төрағасы Евгений Кинцель өз кандидатурасын ұсынған болатын.
Бертін келе оларға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Дания Еспаева мен Қазақстан Құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев қосылды. Бүгін барлық үміткерлер өздерінің бейнебаянын көрсетіп, сайлауалды ұстанымдарын жариялады. Сондай-ақ, делегаттардың сұрақтарына жауап берді.
Ал дауыс беру кезінде 190 делегаттың 49,5 проценті депутат Дания Еспаеваның кандидатурасын қолдады. Бірақ кандидаттың дауысы 50 проценттен асуы керек.
Осыдан кейін президиум мүшелері кеңесіп, екінші турды өткізбеу жөнінде шешім қабылдады. Себебі Д.Еспаеваның басымдығы айқын болды. Делегаттар аталған шешімді қолдады. Сөйтіп, Дания Еспаева партияның атынан президент сайлауына кандидат ретінде бекітілді.
Еспаева Дания Мәдиқызы 1961 жылы 5 наурызда дүниеге келген. Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (1993 ж.) "экономист" мамандығы бойынша бітірген.
КСРО Мемлекеттік банкінің Ақтөбе облыстық департаментінің несие бөлімі экономисі (1982-1986); КСРО Мемлекеттік банкінің Ақтөбе облыстық департаментінің кредиттік бөлімінің аға экономисі (1986-1987); Промстройбанк өңірлік департаментінің ақша айналымы бөлімінің бас экономисі (1988-1991); "Тұран" ӨҰ Ақтөбе филиалының бас бухгалтері (1992 ж.); Ақтөбе филиалы "Тұран" филиалының директор орынбасары (1992-1995); Бас маман, бастықтың орынбасары, аға "Әлем банкінің" Ақтөбе облыстық департаментінің несие бөлімінің бастығы (1995-1997); "БТА Банкі" АҚ Корпоративтік бизнесті дамыту жөніндегі директордың орынбасары (1998-2005); "БТА Банкі" АҚ Ақтөбе филиалының директоры (2006-11.2014); "Қазкоммерцбанк" АҚ Ақтөбе филиалының директоры (11.2014-03.2016). "Атамекен Одағы" Ақтөбе филиалының басқарма мүшесі; Ақтөбе облысының өңірлік үйлестіру кеңесінің мүшесі болды.
Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, отбасы және әйелдер комиссиясының мүшесі (08.2008 ж., 2012-2016 жж. Қайта сайланған), "Ақ жол" партиясы атынан парламент депутаттыныға үміткер (05.02.2016ж.). Қазақстан Республикасы марламенті мәжілісінің "Ақ жол" партиясының VI шақырылымы бойынша депутаты, Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі (24.03.13ж. бастап).
"Құрмет" орденімен (2011 ж.), Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығы медалімен, "Үздік қаржыгер" медалімен марапатталған.
Тұрмыста, екі баланың анасы.