Фото: Pexels.com
Сенат кулуарында ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары доллар бағамына қатысты сұраққа жауап берді. Виталий Тутушкиннің айтуынша, доллардың күрт өсуіне оның әлемдік нарықта нығаюы әсер етіп отыр, деп хабарлайды Ult.kz.
«Бізде еркін айналымдағы курс режимі бар, курс динамикасы бойынша болжам жасамаймыз. Жалпы, 500 деген жай ғана сан, оған байланудың қажеті жоқ. Бүгін 500, ертең 600, курс шетел валютасына сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына қарай қалыптасады. Доллар дамушы және дамыған елдердегі барлық валюталарға қатысты нығайып келеді. Егер теңге мен еуроның арақатынасын қарастыратын болсақ, онда жағдай анағұрлым тұрақты», - деді В.Тутушкин.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 494,87 теңге болды.