Фото: instagram.com/dana_nurzhigit
Танымал тележүргізуші және экс-сенатор Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуінің сталкингі мен қудалауына қалай қарсы тұрғанын айтып берді, деп хабарлайды Ult.kz.
Өзі көрген қиындықтары мен жеткен жетістіктерін ол Динара Сәтжанға берген сұхбатында бөлісті.
Көрермендер пікірлерінде медиа тұлғаның осындай мәселені ашық айтқанының қаншалықты маңызды екенін атап өтті. Себебі ұқсас жағдайлардағы әйелдер көбінесе қорғансыз қалады. Біздің елдің Қылмыстық кодексінде сталкинг пен киберсталкинг үшін жаза қарастырылмаған.
"Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық тақырыбы мені де айналып өткен жоқ. Мен сот залында жәбірленуші ретінде тұрамын деп кім ойлаған? Мен өзіме: "ең бастысы, олар мені денсаулық пен мамандықтан айырмасын" дедім. Алайда моральдық-психологиялық қысым алдымен менің денсаулығыма әсер етті, содан кейін эфирде жұмыс істей алмадым. Мен өзім бастықтарға барып, жұмыстан кетуді ұйғардым, өйткені тергеушінің алдында түске дейін болып, ал түстен кейін теледидарда тікелей эфирде болғанымды жеңе алмадым", - дейді ол сұхбатында.
Айта кетейік, 2019 жылы Дана Нұржігіт екінші рет тұрмысқа шықты. Оның бірінші күйеуі танымал қазақстандық журналист Владимир Рерих болған. Ресми некеде екінші күйеуімен екі жарым жыл ғана өмір сүрді. Ажырасқаннан кейін ер адам әйгілі бұрынғы жұбайын жібергісі келмей, оны түрлі жолдармен қудалап, психологиялық және моральдық тұрғыда қысым көрсетті, қорғаныс бұйрығына қарамастан.
Нәтижесінде ол журналистің мүлкінің жартысына үміткер екенін мәлімдеген. Сонымен қатар, ер адам Дананы шантаж жасап, өзінің телефонында болған бір бейнежазбаны жариялаймын деп қорқытқан.
Осыдан кейін тележүргізуші полицияға жүгінуге мәжбүр болған. Ұзаққа созылған тергеу, сот процесі және тұрақты күйзеліс оның психологиялық жағдайына әсер еткен.
"Өмірінде алғаш рет ол қоңырау шалмауы, кезікпеуі, күзетпеуі үшін қорғаныс туралы бұйрық шығарды. Елестете аласыз ба, мен бассейнде жүзіп жүріп, сүңгіп кетсем, алдымнан бұл адам келіп тұрады. Ауруханада, көшеде де солай болуы мүмкін. Мен тыныш жүре алмадым, мені барлық жерде бақылап отырғандай сезіндім - аккаунтта, шынайы өмірде, эфирден кейін бұл қорқынышты түс болды. Бұл жағдайда мен 2022 жылдың екінші жартысынан бастап, 2023 жыл бойы өмір сүрдім, ал 2024 жылы 13 маусымда үкім күшіне енді", - деді Дана Нұржігіт.