Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов «Құтқарушы күнімен» құттықтады, деп хабарлайды ult.kz.
Оның айтуынша құтқарушылардың кәсібиліктері мен батылдықтарының арқасында талай адамның өмірі сақталып, азаматтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілуде.
"Қазіргі таңда бірігіп, қол жеткізген жетістіктеріміз аз емес. Президентіміз бен Үкімет тарапынан көрсетілген сенім мен қолдаудың арқасында бұдан да биік жетістіктерге жететінімізге сенімдімін.
Қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан барлық әріптестердің есімдері мәңгі ел есінде. Жылдар бойы ісіне адал қызмет етіп, енді өздерінің бай тәжірибелерімен жас ұрпақты тәрбиелеп отырған ардагерлерімізге ерекше ризашылығымды білдіремін.
Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, халықтың игілігі мен қауіпсіздігі үшін атқаратын қызметте сәттілік пен табыс тілеймін", - деді Төтенше жағдайлар министрі.