Әнші Димаш Құдайберген «Stranger» шоуының кинотеатрларға шығуына орай «D and Dears» атты жанкүйерлерімен ауқымды кездесу ұйымдастырмақ. Фан-кездесу өнер иесінің туған күніне орай 26 мамырда Алматыда өтеді. Бұл туралы Димаш Құдайберген инстаграмм парақшасында жазды.
Шарада қазақстандық әртістердің қатысуымен концерт ұйымдастырылып, әншінің жаңа әндері мен бейнебаяндары ұсынылады. Сондай-ақ Димаш жанкүйерлерінің сұрағына жауап бермек.