01 қар, 2019 сағат 13:50

Бұрынғы ректорды қамау мерзімі ұзартылды

Алматыда Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің бұрынғы ректоры Дамир Шыныбековты қамау мерзімі 29 қарашаға дейін ұзартылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Дамир Шыныбековты бұлтартпау шарасы 29 қарашаға дейін ұзартылды», - деді қалалық соттың баспасөз қызметінен.

Бұның алдында мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Дамир Шыныбековты 5 айға мамырдан бастап қазан айына дейін қамауға алу туралы санкция шығарған болатын.

Бұрынғы ректорға қарсы ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлімімен қылмыстық іс қозғалған еді.

Дамир Шыныбеков университетке 2009 жылдан бері басшылық жасаған.

2017 жылы ол қалалық мәслихатқа депутат болып сайланған болатын.