13 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық сақталса, кей жерлерде жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі, деп хабарлайды ult.kz.
Бұл туралы «Қазгидромет» болжамына сүйеніп хабарланды.
Астанада күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Түнде ауа температурасы +11…+13°C, күндіз +29…+31°C шамасында болады. Жел солтүстік-шығыстан соғып, жылдамдығы 9–14 м/с-қа дейін жетеді.
Алматыда ыстық ауа райы сақталады. Қалада ауа температурасы күндіз +36°C-қа дейінкөтерілуі мүмкін.
Ал оңтүстік өңірлерде аптап ыстық күшейіп, ауа температурасы +40°C-тан жоғары болуы ықтимал. Кейбір аймақтарда күн күркіреп, жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін.
Синоптиктердің мәліметінше, 13–15 тамыз аралығында елдің бір бөлігінде аптап ыстық біртіндеп басылып, жауын-шашын көбейеді.