05 қыр, 2024 сағат 12:23

"Бұл Перуашевтің қудалауы": экс-депутат Асқар Садықов мәлімдеме жасады


Әйелдерге ұятсыз хаттар жазып, партиядан шығарылған депутат Асқар Садықов инстаграм парақшасына видео жариялап, өзіне қатысты айыптауларды өтірік деп атады. 

Экс-депутат тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын және мұның «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевтың өзіне жасаған қастандығы екенін айтуда. 

"Азат Перуашев өз халқын бірнеше рет адастырды. Шамасы, бұл - оның жұмыс стилі. Мен сізге жеке жүгінемін, Азат Перуашев. Егер мені партиядан шығарғыңыз келсе басқа дәлелдер келтірсеңіз болар еді, бірақ сізде ол да жоқ. (...) Сіздің мәлімдемеңізді оқып таңғалып отырмын. Бірақ сіздің бұған дейінгі жалған мәлімдемелеріңіз БАҚ-тың есіне түседі деп ойлаймын. Азат Перуашев осы ақпарат арқылы өзінің орынбасары, Ұлттық ұлан генералы жемқор деген ақпаратты жасырып қалғысы келген болар. Менің ойымша, Азат Перуашев, сіз мақсатыңызға жеттіңіз", - дейді Садықов.