Қанат Бозымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Энергетика министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда.
Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев 1969 жылдың 8 қаңтар күні Алматы қаласында туған.
Қазақ мемлекеттік басқару академиясын 1993 жылы бітірген, экономист. ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі.
1993 ж. — жекеменшік компанияның экономисі.
1994 ж. — Алматы қаласы әкімінің көмекшісі.
1997 ж. — Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігіндегі өңірлік саясат бөлімінің бастығы, «Мұнайды тасымалдау жөніндегі „ҚазТрансОйл« ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының жиынтық-қаржылық департаментінің бастығы, экономикалық мәселелер бойынша вице-президенті.
1998 ж. тамызынан — Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігіндегі мұнай мен газ департаментінің бастығы.
2000 ж. наурызынан — Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі.
2001 ж. қаңтарынан — «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті.
2001 ж. мамырынан — «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының президенті.
2003 ж. наурызынан — Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығындағы директорлар Кеңесінің төрағасы.
2007 ж. тамызынан — «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі «Самұрық» холдингі» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы.
2009-2013 жылдары Жамбыл облысының әкімі қызметіннде болды. 2013 жылы Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды.
2016 жылдан бері ҚР Энергетика министрі қызметін атқарып келді.