25 қаз, 2021 сағат 17:10

Базалық мөлшерлеме тағы да өсті



Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтеруге шешім қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" банктің сайтына сілтеме жасап.


Ресми мәліметке сәйкес, ұлттық банктің ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/-1,00 п.т. проценттік дәлізімен жылдық 9,75% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.


"Тиісінше өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 10,75%, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме – 8,75% болады", - делінген хабарламада.


Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтерудің себебін түсіндірді. 2021 жылы инфляция бұған дейінгі болжамнан жоғары, яғни, 7,5-8,5 процентен асып кетті. Оған қоса, әлемдік нарықтағы бағалар өсті.


Сауда жағынан әріптес елдердің инфляциясы күшейді. Сондай-ақ, халық арасындағы жоғары инфляциялық болжамдар жағдайды қиындатып отыр.