25 сәу, 2021 сағат 22:05

Айзада Мүптілдә ауыр атлетикадан құрлықтық біріншілікте үздік үштікке енді


Қазақстандық ауыр атлет Айзада Мүптілдә Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бүгін Ташкентте ауыр атлетикадан Азия чемпионатының соңғы жарыс күні өтіп жатыр. Әйелдер арасында 87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қазақстандық Айзада Мүптілдә қатысты. Қоссайыс нәтижесінде ол 269 (118+151) келіні бағындырып, қолаға қол жеткізді.