26 сәу, 2021 сағат 08:16

Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты: ҚР ерлер құрамасы – бірінші орында


Өзбекстан астанасы Ташкентте ауыр атлетикадан Азия біріншілігі аяқталды.

Olympic.kz мәліметінше, турнир қорытындысы бойынша Қазақстан ерлер командасы - бірінші, Қазақстан әйелдер командасы төртінші орын иеленді.

Қазақстан командасы жалпы есепте 1 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды: Арли Чонтей Азия чемпионы атанса, Абылай Әуелханов, Карина Кузганбаева және Нұрғиса Әділетұлы күмісті қанағат тұтты. Ал Екатерина Быкова, Айзада Мүптілда және Артем Антропов қола жүлдегерлер қатарында.