Ауғанстаннан БҰҰ қызметкерлері мінген екінші рейс Қазақстанға келді. Бұл туралы Қазақстандағы БҰҰ баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Кеше БҰҰ қызметкерлері мінген екінші рейс келді. Бортта 108 адам бар. Барлық орналастыру мәліметі бұған дейін баспасөз брифингінде айтылған ақпаратпен бірдей. Олардың Қазақстанға келуіне кеткен барлық шығын БҰҰ есебінен төленеді", - деді БҰҰ баспасөз қызметіндегілер.
Қазір барлық жолаушы карантинде, сондай-ақ олар ПТР тест тапсырған. Қазір тест нәтижесін күтіп отыр. Айта кету керек, қызметкердің бәрі вакцинацияланған.
Айта кетейік, 18 тамызда UNAMA қызметкерлері бар алғашқы борт Алматы әуежайына қонғаны хабарланған болатын. Келген қызметкерлер халықаралық дипломат, БҰҰ паспорты мен иммунитеті иегері.
