10 мам, 2021 сағат 17:57

Әсел Айтпаеваны өлтірді деген күдіктінің суреті жарияланды - БАҚ


Qumash Telegram-арнасы Грузияда өлі табылған қазақстандық Әсел Айтпаеваны зорлап, өзіне қол жұмсауға итермелеген күдіктінің суретін жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"26 жастағы Әсел Айтпаеваны өлтіріп, өзіне қол жұмсауға итермелегені үшін айыпталған күдікті осы. Оның есімі - Бесик Тордуа (аудиожазбада Әсел оны Бесо деп айтты). Жасы 57-де", - делінген жазбада. 

Telegram-арна Formula грузиялық БАҚ-қа сілтеме жасап, Әсел бұған дейін де жергілікті полицияға оған қоқан-лоқы жасалып, физикалық зорлық жасалғанын хабарлаған. Алайда бұдан кейін ешқандай тергеу әрекеттері жасалмаған.