Фото: Opennews.kz
Бүгін атышулы қылмыстық істің екінші эпизоды бойынша сот отырысы басталды. Сотта жәбірленуші тараптың атынан сөз сөйлеген «Асар-Үме» қорының президенті Асхат Нұрмашев Перизат Қайрат басшылық еткен қорға 200 миллион теңге қаржы аударылғанын айтты, деп хабарлайды Ult.kz.
Оның айтуынша, 2023 жылдың қарашасында Израиль мен Газа секторындағы қақтығыс күшейген кезде Перизат Қайрат әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы «Палестина елшілігінің қолдауымен зардап шеккендерге көмек жинап жатырмыз» деген бастама көтерген.
«Перизаттың Палестина елшілігімен меморандумға қол қойғанын көріп, сенім білдірдік. Соның негізінде біздің қордан 200 миллион теңге аудардық», – деді Асхат Нұрмашев сотта.
Айта кету керек, бұл қылмыстық іс қоғамда үлкен резонанс тудырып отыр. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.
