Ақтөбеде әйелді пышақтап өлтіріп, сүйреп әкеткен

Ақтөбеде әйелді пышақтап өлтіріп, сүйреп әкеткен
Polisia.kz

Ақтөбеде көпқабатты үйдің ауласында әйелді пышақтап өлтірді. Күдікті ретінде Атырау қаласының 28 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды ult.kz.

Бейнебақылау камерасына түсіп қалған кадрларда ер адамның әйелмен сөйлесіп тұрып, кейін оның артынан барып пышақ сұққаны көрінеді. Артынша әйелді сүйреп, қуысқа алып кеткен.

Полицияның мәліметінше, күдікті мен марқұм бұрыннан таныс болған. Жанжал кезінде ер адам әйелге пышақ жарақатын салып, ол оқиға орнында көз жұмған. Қазір қылмыстың себептері анықталып жатыр.