14 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді, тұман түседі. Батыста шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыста, оңтүстікте және орталықта жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды ult.kz.
Астанада жауын-шашын болмайды, түнде +1…+3°C, күндіз +14…+16°C, жел 12 м/с-қа дейін күшейеді. Алматыда түнде +8…+10°C, күндіз +19…+21°C, жел 3–8 м/с болады. Шымкентте де жауын-шашын күтілмейді: түнде +8…+10°C, күндіз +24…+26°C, жел 8–13 м/с.
Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде, Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жел екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Павлодар облысының солтүстігі мен орталығында тұман күтіліп, жел 18 м/с-қа дейін күшейеді. Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында тұман болады, түстен кейін жел екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Абай облысының оңтүстігі мен солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Екі өңірде де жел екпіні 15–20 м/с болады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен орталығында, Атырау облысының солтүстігі мен шығысында, Маңғыстау облысыныңорталығында шаңды дауыл күтіледі. Бұл өңірлерде жел екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Алматы облысының шығысында жел 18 м/с-қа дейін күшейеді. Жамбыл облысының таулы аудандарында, Түркістан облысының батысы мен таулы аудандарында жел 15–20 м/с болады. Түркістан облысының таулы бөлігінде тұман да күтіледі. Қызылорда облысының шығысында күндіз жел екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Жетісу облысының шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі. Мұндай қауіп Қызылорда облысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында, Атырау облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында да сақталады.