Түркістан облысы Қазығұрт ауданында асарлатып үй жөндеп жатқан еріктілер үйдің шатырынан қап-қап ақша тапқан. Алдын ала мәлімет бойынша, табылған қаражаттың көлемі шамамен 30 млн теңге. Бұл туралы jake_tau есімді желі қолданушысы Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды ult.kz.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, әженің үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан асаршылар шатырдан ақшаны тауып алған. Әженің айтуынша, ол қаражатты 2018 жылдан бері жинаған, алайда кейін ақшаның қайда сақталғанын ұмытып кеткен.
Ақшаны тапқан еріктілер мән-жайды анықтау үшін құзырлы органдарды шақыруды ұйғарған. Олар қаражаттың шығу тегін тексеріп, жағдайды заң аясында шешуді көздеп отыр.
Бұл жағдайдан хабардар болған ауыл әкімі асаршыларды алғыс хатпен марапаттаған.