11 сәу, 2025 сағат 12:25

ART Sport: Сабаққа қатыспаған 8 мыңнан астам бала «келді» деп тіркелген

Фото: Bes.media

Депутат Геннадий Шиповских Үкімет басшысына «ART Sport» бағдарламасындағы заңсыздықтарға қатысты депутаттық сауал жолдады. Ол жұмсалған қаражаттың тиімді игерілуі қажеттігін айтып, бірқатар мәселені көтерді, деп хабарлайды Ult.kz.

«Бас прокуратураның ақпаратына сәйкес, 2022-2023 жылдары бағдарлама аясында түрлі заң бұзушылық бойынша 38 прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, 43 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 600-ден астам кәсіпкердің құқығы қорғалып, оларға тиесілі қаражат қайтарылды. Сондай-ақ 22 қылмыстық іс қозғалып, 8 адам сотталған. Республика бойынша іс жүзінде сабаққа қатыспаған 8 мыңнан астам баланың тіркелгені белгілі болды. Осы орайда бұқаралық спортты дамытуға бағытталған бағдарламаның тиімді іске асуын қамтамасыз етпесек, бөлінген қаражаттың тиімділігі төмендейді», - деді Геннадий Шиповских.