Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 10 сәуір 20.15-тегі дерегіне сай, Алматы қаласында коронавирус жұқтырған 1963 жылғы науқас қайтыс болды.
Министрлік елде тағы алты адамнан (Атырау облысында екеу, Алматы қаласы, Павлодар облысы, Қызылорда облысы, Түркістан облысында бір-бір адамнан) коронавирус табылғанын хабарлады.
Елде қазір 808 адамнан вирус анықталды. 10 адам қайтыс болды. 64 адам дерттен айықты.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде 29 наурыз – 9 сәуір аралығында елде коронавирустың тарауы 29 пайыздан 7 пайызға дейін азайған. Қазір ауруханада жатқандардың арасында 18 адамның халі ауыр. Министрліктің есебінше, вирус жұқтырғандармен байланыста болған 21 мыңдай адам анықталып, олардың 99 пайызы оқшауланған.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа байланысты елде жариялаған төтенше жағдай уақытын 30 сәуірге дейін созды.