Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Алматыда фитнес-жаттықтырушыны өз пәтерінде өлтіріп кеткен, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Polisia.kz Telegram-арнасының мәліметінше, қылмыстық оқиға Наурызбай аудандық полиция бөлімінде тіркелген.
"Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмысты ашу мақсатында тергеу жедел тобы құрылды. Күдіктілер анықталып, оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатыр" - делінген ІІМ баспасөз қызметі хабарламасында.
Алдын ала мәлімет бойынша, Т. есімді азамат пен оның танысының арасында жанжал болған.
Айта кетейік, әлеуметтік желілерде 19 шілдеге қараған түні "Fitness Blitz" фитнес-жаттықтырушысы пәтерінде атып өлтірілгені туралы ақпарат пайда болды.
Ал Sputnik Қазақстан агенттігінің жазуынша, қайтыс болған Дамир Төребаев "FitnessBlitz" фитнес-клуб желілерін басқарған. Ол - мамандандырылған жаттықтырушы, бокстан және суда жүзуден спорт шеберіне үміткер.