Маңғыстау өңірі Travel + Leisure India and South Asia халықаралық басылымының 2027 жылы саяхаттауға ұсынылған үздік 20 бағытының қатарына қосылды, деп хабарлайды ult.kz.
Журналдың 2026 жылғы қазан айындағы баспа нұсқасында жарияланған The Next 20 арнайы тізімінде Маңғыстау 10-орынға орналасты.
Мақалада өңірдің бірегей табиғаты, тарихи мұрасы және шытырман оқиғалы туризмді дамыту мүмкіндіктері атап өтілген. Атап айтқанда, жартасқа қашалған жерасты мешіттері, Айрақты қамалдар аңғары мен Бозжыра шатқалы өңірдің басты көрікті жерлері ретінде көрсетілген.
Сондай-ақ материалда туристік инфрақұрылүымды дамыту, көлік қатынасының қолжетімділігін арттыру және белсенді демалысқа арналған жаңа маршруттар ашу мәселелеріне назар аударылған.
Жарияланымды дайындауға «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы мен Қазақстанның келу туризмі бойынша туроператоры Redmaya Travel Qazaqstan қолдау көрсеткен.
Айта кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Үндістан Қазақстанның орналастыру орындарында тіркелген шетелдік азаматтар саны бойынша үшінші орынға ие болды. Былтыр Үндістаннан Қазақстанға шамамен 158 мың турист келсе, 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында бұл көрсеткіш 93 мыңға жуықтаған.