Қазақстандық режиссер әрі клипмейкер Айсұлтан Сейітов америкалық рэпер A$AP Rocky-мен бірлесіп жұмыс істеді, деп хабарлайды ult.kz.
Айсұлтан Сейітов рэпердің «Shroom Clouds» трегіне түсірілген бейнероликті рэпердің өзімен және Пьетро Бис Биазимен бірге әзірлеген.
«Shroom Clouds» композициясы A$AP Rocky-дің алдағы DON’T BE DUMB альбомының кеңейтілген нұсқасына енеді деп жоспарланған.
Айта кетейік, Айсұлтан Сейітов — қазақстандық режиссер әрі клипмейкер. Ол музыкалық бейнебаяндар мен киножобалар түсіру арқылы танылған. Ал A$AP Rocky — әлемге танымал америкалық рэпер.