Қазақстанда түнгі үсік болып, жаңбыр қарға ұласуы мүмкін

Қазақстанда түнгі үсік болып, жаңбыр қарға ұласуы мүмкін
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Қазақстанның бірқатар өңірінде түнгі үсік пен жаңбырдың қарға ұласуы күтіледі. Ал ірі қалаларда ауа райы әртүрлі болады, деп хабарлайды ult.kz.

Астанада күн ала бұлтты болып, жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетіп, екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Ауа температурасы түнде де, күндіз де +1...+3°C болады.

Алматыда да күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с шамасында. Түнде ауа температурасы +4...+6°C, күндіз +18...+20°C болады.

Шымкентте күн ала бұлтты болып, жауын-шашын жаумайды. Желдің жылдамдығы секундына 8-13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +21...+23°C шамасында болады.