29 нау, 2024 сағат 12:53

Алматыда ер адам тұрғын үй күзетшісін көлікпен қағып, артынша өлімше етіп сабаған

Алматыда күзетші мен үй тұрғындарының бірі жанжалдасып, оның соңы адам өліміне әкеп соққан.

Алдын ала мәлімет бойынша, тұрғын үй кешенінің күзетшісі мен тұрғыны арасында дау туып, соның салдарынан 45 жастағы ер адам күзетшіні өлімші етіп сабаған, – деп мәлімдеді Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі.


Алайда Михаил Козачковтың Telegram-арнасына жарияланған видеодан күзетшіні сабамағанын, жол талғамайтын көлікпен бірнеше рет қатты жылдамдықпен соққанын көруге болады.

Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың басқа да мән-жайы анықталып жатыр», – делінген хабарламада.