Астанада қызды аңдып, бөксесіне қол тигізген ер адам ұсталды

Астанада қызды аңдып, бөксесіне қол тигізген ер адам ұсталды
видеодан скриншот

Астанада қызды аңдып, кейін оған қатысты әдепсіз әрекет жасаған 27 жастағы ер адам ұсталды. Бұл туралы елордалық полиция департаменті хабарлады.

Полиция мәліметінше, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды.

Еске салайық, оқиға 12 қазанда болған. Ер адам қызбен бір автобуста келе жатып, одан кейін бірге түсіп, қыз жұмыс істейтін ғимаратқа дейін соңынан барған.

Қыз жариялаған бейнебақылау камерасының жазбасында ер адамның ғимаратқа кіреберісте оның бөксесіне қол тигізгені көрінеді.