Алматы облысында коронавирус жұқтырған бір адам анықталды

Алматы облысында коронавирус жұқтырған бір адам анықталды

Алматы облысының Қарасай ауданындағы Қаскелең қаласында бір адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

"2020 жылдың 21 наурызы сағат 12.00-дегі дерек бойынша, коронавирус жұқтырғандар саны 53 адамға жетті. Алматы қаласында – 22 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 28 адам, Қарағанды қаласында – 2 адам, Алматы облысында бір адам тіркелді", - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 16 наурызда Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. Ол отыз тәулікке жалғасады. 19 наурызда Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы карантинге жабылды.

Азаматтарға екі қалаға кіріп-шығуға 22 наурызға дейін уақыт берілді. Карантин енгізілуіне байланысты ірі сауда және ойын-сауық орталықтары, мәдениет, тамақтану және қызмет көрсету орталықтары уақытша жабылды.