02 қыр, 2024 сағат 16:17

Ақтөбеде талапкерлерді оқуға түсіру үшін ақша алып, алдаған университет қызметкері сотталды

Фото: Халықаралық көлік-гуманитарлық университеті

Ақтөбеде Халықаралық көлік-гуманитарлық университетінің қызметкері алаяқтық әрекеттері үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Ол студент болғысы келетін талапкерлерден ақша алып, өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Алаяқ өзін университеттің әдіскері ретінде таныстырып, қабылдау жарнасын жеке банк шотына немесе қолма-қол түрде беруді ұсынған. Бірқатар жәбірленушілер оған 100 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін ақша аударған. Алайда кейін олар университетке қабылданбағанын білген.

Сот осы әйелді кінәлі деп тауып, жәбірленушілерге ақшаны қайтаруды және 3 жылға бас бостандығынан айыруды бұйырды. Облыстық сотта істі қарау кезінде, сотталушының жәбірленушілерге келтірілген залалды өтегеніне байланысты, жаза жеңілдетіліп, пробациялық бақылау енгізілді .