27 қыр, 2021 сағат 11:02

Ақтаудағы көпқабатты үйлердің бірінде лифт құлады - видео


Ақтауда ішінде адамдары бар лифт шахтаға құлап кетті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 25 қыркүйек кешкі сағат 19:30 шамасында 17-ықшамаудандағы Aktau Plaza тұрғын үй кешенінде болған. Жағдай бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Aktau Plaza тұрғындарының айтуынша, адам толы лифт істен шыққан. Лифт шахтаға бірінші қабаттан құлаған. Зардап шеккендер жоқ. Адамдар бір-біріне көмектесіп, лифтен өздері шыққан.

Тұрғындардың айтуынша, бұл жағдай орын алғанда лифтіде кішкентай балалар, жас аналар болған. Олар лифтінің істен шығуы алғаш рет емес деп шағымданды. Құрылысты салған компания лифтінің дұрыс жұмыс істемей тұрғанынан хабардар. Бірақ соған қарамастан ешқандай шара қолданбай отырған көрінеді.

Сондай-ақ, жаңадан салынған үйге бір жыл бұрын тұрғындар қоныстана бастаған. Бірақ олар әлі күнге дейін пәтердің құжатын ала алмай отыр. Бұдан бөлек, тұрғын үй әлі күнге көгілдір отынға қосылмаған.