Дәрігерлер Ақмола облысында АН-2 ұшағының апатқа ұшырауынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Зардап шеккендердің біреуі ашық ми-бассүйек жарақатымен Нұр-Сұлтан қаласының теміржол аурханасына жеткізілді, ал екінші зардап шегуші ашық ми-бассүйек жарақатымен және күйікпен елорданың травмотология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жатқызылды», - деп түсіндірді Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, бүгін Ақмола облысында АН-2 ұшағы апатқа ұшырады. Салдарынан ұшқыш көз жұмып, екі экипаж мүшесі түрлі жарақатпен аурханаға жеткізілді.