Фото: Қорғаныс министрлігі
Абай облысындағы Аягөз гарнизоның әскери қызметкері көз жұмды. Аягөз гарнизоны баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 19 қыркүйекте болған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Жұмыстан тыс уақытта Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қызмет ететін офицердің денесі үйінен табылды. Алдын ала ақпарат бойынша офицер өз-өзіне қол жұмсаған. Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», — делінген ақпаратта.
Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы әскери қызметкердің туған-туыстарына көңіл айтты.
Еске салсақ, 17 қыркүйекте Алматыда әскери қызметші тапаншадан жарақат алғаны хабарланған.