Коллаж: ult.kz
Биылғы жыл Қазақстан халқы үшін қиындығы көп, резонансты оқиғаларға толы жыл болды. Ult.kz елде болған ең ірі оқиғаларға көз жүгіртіп, қысқаша шолу жасады.Аймақтарды қарғын су басты
2024 жыл оңай басталмады. Жыл басында мамандар елімізде алапат су тасқыны болуы мүмкін екенін ескерте бастады. Бірақ шенділер төтенше жағдайға дайын екендерін айтты.
Алайда ақпан айынан басталған қарғын су Қазақстан бойынша жер-жерде жайылды. Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарын қызыл су басты. Бюджеттен миллиардтаған қаражат судың бетін қайтаруға бөлінді.
Оқи отырыңыз: Су тасқыны кезінде 200 жанұяны көшіруге бөлінген қаражат қолды болған — Бас прокуратура
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ отырысында Қазақстанда болған су тасқынына жаһандық жылыну процесі әсер еткенін айтты.
Фото: gov.kz
Биыл қарашада "Біз біргеміз" Қайырымдылық қорының басшысы Перизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиард теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталды.
Ол бұл ақшаға қымбат әшекей бұйымдар, киім, көлік, үй және шетелдерде қымбат қонақүйлерде демалғаны анықталған.
Фото: instagram.com/01pk
Ал Атырау облысында су тасқыны кезінде бөгет салуға көмектескен Пшөн есімді итті белгісіз біреулер атып кетті. Иттің иесі Зәмзәгүл 28 қарашада Пшөннің атылғанын айтып, әлеуметтік желіге видео жариялады. Бұл жағдай қоғамда резонанс тудырды.
Содан, жақында мүсінші Азамат Кенжеғалиев Пшөнге арнап, металдан мүсін жасады.
Фото: видеодан скриншот
Бишімбаев соты
Қазақстанның бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев азаматтық әйелі Салтанат Нүкенованы асқан қатігездікпен ұрып өлтірді деген күдікке ілініп, 2023 жылы қарашада қамауға алынған. Сот процессі биыл наурыз, сәуір айларында тікелей эфир арқылы өткен.
Фото:kaztag.kz
Бұл сот ісі Қазақстан ғана емес, әлемде резонанс тудырып, сот отырыстарын тікелей эфирде миллиондаған адам бақылап отырған болатын.
Сот Қуандық Бишімбаевқа 24 жыл, ал оның туысы, осы іске қатысы бар деп танылған Бақытжан Байжановқа 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті.
Оқи отырыңыз: Бишімбаев ата-ана құқықтарынан айырылмайды — апелляциялық алқа бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертпеді
Париж олимпиадасындағы Елдос Сметовтың жеңісі
Биыл Франция астанасында кезекті Олимпиада ойындары өтті. Оған 80-ге жуық қазақстандық спортшы қатысты. Спортшылардың ішінде жалғыз алтын медальды дзюдошы Елдос Сметов алды.
Бұл алтын дзюдо спортынан қазақстан тарихындағы ең алғашқы алтын. Сметовтың өзі аты аңызға айналған дзюдошы Жақсылық Үшкемпіровтың арманын орындағанын айтып, қатты толқыды.