26 жел, 2024 сағат 12:09

15 тәулікке қамалған Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шықты

Фото: видеодан скриншот

Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов бостандыққа шықты, -деп хабарлайды ult.kz.


"Ассалаумағалейкүм, қақақ елі! Аллаға шүкір үйдеміз. Қолдауларыңызға көп рахмет! Бәрі жақсы. Бала-шағаның жанындамыз. Қорқатын ештеңе жоқ, шүкір", -дейді Қаржаубай Нұрымов. 


Айта кетейік, марқұм Шерзат Болаттың әкесінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, 15 тәулікке қамауға алынған болатын. Оған "бұзақылық жасады" деген айып тағылған.

"Қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қорлағанын. Сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзағаны үшін және көлік құралдарының қозғалысына кедергілер жасағаны үшін азамат Қ. Нұрымов 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды",- деді Алматы облысының соттары.