Жуырда ғана сотталған Нұрсұлтан Жақсыген туралы тың дерек шықты

Жуырда ғана сотталған Нұрсұлтан Жақсыген туралы тың дерек шықты
Фото: видеодан кадр

Актер Нұрсұлтан Жақсыген TikTok парақшасында өзін қолдап, дұға тілеп жүрген жандарға алғысын білдірді, деп хабарлайды ult.kz.

Өнер иесі жазбасында қазіргі жағдайының уақытша екенін айтып, жақындарына үн қатты. Ол алда қайта оралып, бұрынғыдай күш жинайтынына сенім білдірген.

«Бәрі уақытша, балапандарым. Алла қаласа, күшті болып ораламын! Жақсы көремін сендерді. Бұл да өткінші нәрсе, дұғаларыңызға ризамын. Иншалла, бәрі жақсы болады. Алла осылай қаласа, бір қайыр бар», – деп жазды Нұрсұлтан Жақсыген.

Актер сонымен бірге жақындарын сағынғанын айтып, алдағы күндерден үміт күтетінін жеткізді.